Жуырда Спасская көшесі мен Құлжа тас жолы бойындағы Бұқтырма көшесіне жетпей заңсыз қоқыс шығару орны анықталды.
Осы фактілер бойынша бірнеше құқық бұзушы жауапқа тартылды, жақын арада мұнда бейнебақылау камералары орнатылады.
Өкінішке орай, қызмет көрсетілетін аумақтарда, әсіресе жасыл аймақтарда бейберекет заңсыз қоқыс тастау орындары жиі кездеседі.
Рейдтік іс-шаралар барысында құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды рұқсат етілмеген жерлерге төгетін жаңа заң бұзушылар үнемі анықталуда.
Естеріңізге саламыз, мұндай құқықбұзушылықтар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.
Рейдтік іс-шаралармен қатар, бейберекет қоқыс тастауға бейім учаскелерге бейнебақылау камералары орнатылуда, бұл құқық бұзушыларды анықтауды жеңілдетеді.
Қаламыздың табиғатын аялап, Абаттандыру ережелерін бұзбауға шақырамыз.