Сарапшыларды іріктеуге арналған ашық конкурс!

Сарапшыларды іріктеуге арналған ашық конкурс!

Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша  «Жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қоғам арасындағы диалогты дамыту» Жобасы аясында төмендегі салалар бойынша сарапшыларды (Алматы қаласының 8 ауданы бойынша) іріктеуді жариялайды:

 Салалар:

- Азаматтық қоғамды дамыту

- Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару

- Мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ)

- Әлеуметтік сала

-Инфрақұрылым мәселелері

- Этносаралық қатынастар мен қоғамдық келісім

 Міндеттері:

- Семинарлар мен тренингтерге қатысу

- Өзекті мәселелер бойынша кеңес беру

- Жергілікті деңгейдегі шешімдер мен ұсыныстар әзірлеу

Талаптар:

- Салада кемінде 3 жылдық тәжірибе

- Сарапшылық қызметте тәжірибе болғаны құпталады

- Ұсыныстар мен шешімдер дайындауға қабілеттілік

Өтініш беру мерзімі:  2025 жылғы 05 мамырға дейін 

Өтініштерді жолдау: janashyrofficial@mail.ru

Қосымша ақпарат үшін: +7 (707) 324 01 76

Бізбен бірге қоғамның дамуына үлес қосыңыз!