Ұлы Отан соғысының ардагерін туған күнімен құттықтады

Ұлы Отан соғысының ардагерін туған күнімен құттықтады

Аудан әкімінің орынбасары Е.Әміров Түрксіб ауданының құрметті тұрғыны — Ұлы Отан соғысының ардагері, запастағы полковник, шекара қызметінің ардагері Николай Александрович Таратунинді туған күнімен құттықтады.

Николай Александрович 1923 жылы 28 сәуірде Ресейдің Ярославль қаласында дүниеге келген. 18 жасында Ярослав облысы, Ранен ауылдық кеңесіне қарасты Починки ауылынан әскерге шақырылып, шекара әскерлерінде қызмет етті.

1943 жылы Сталинград маңында 2-Украин және Дала майдандарында болған қиян-кескі шайқастарға қатысып, ерліктің үлгісін көрсетті.

Жеңістен кейін Николай Александрович тағдырын Қазақстанмен байланыстырды — Талдыкорған облысының Лепсі қаласында отбасын құрып, екі баланың әкесі атанды.

1950-жылдары Тынық мұхит шекара округінің 1-санаттағы 431-бөлек барлау заставасының басшысы болды.

Бүгінде Николай Александрович — ауданымыздың мақтанышы. Оның үш немересі және екі шөбересі бар. Олар аталарының ерлігін ұмытпай, мақтан тұтады.