Түрксіб ауданында халықты жоспарлы егулермен қамту мәселесі талқыланды

Түрксіб ауданында халықты жоспарлы егулермен қамту мәселесі талқыланды

Түрксіб ауданы әкімдігінің мәжіліс залында “2025 жылдың I тоқсанында халықты жоспарлы профилактикалық егулермен қамту” тақырыбында кеңес өтті.

Іс-шараға ауданның медициналық ұйымдарының, мектептерінің және білім беру бөлімінің басшылары қатысты. Басты тақырып вакцинация, соның ішінде адам папиллома вирусына қарсы егу және мектеп жанындағы лагерьлерді жазғы маусымға дайындау бойынша ағымдағы жағдайды талқылау болды.

Жиында екпелермен қамтуды арттыру үшін бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығы атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша иммунопрофилактика саласындағы жұмысты одан әрі үйлестіру үшін нақты ұсынымдар әзірленді.

Емдеуден гөрі аурудың алдын алу жақсы!