Жуырда көппәтерлі тұрғын үйлердің аулаларындағы абаттандыру нысандары бойынша жұмыс сапары жүргізілді.
Биыл аула аумақтарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыс жоспарына 22 мекенжай енгізілді.
Жоба бойынша шағын архитектуралық пішіндерді орнату, резеңке жабынды ауыстыру және жасанды көгалды төсеу, шамдарды ауыстыру және жаңа жарықтандыру тіректерін орнату, балалар алаңдарында қоқыс жәшіктерін, орындықтар мен қоршауларды орнату жүргізіледі.
Бүгінгі күні мердігерлер бөлшектеу жұмыстарын бастады, жұмыстардың аяқталуы қазан айында күтілуде.
Осыған ұқсас жұмыстар Халық қатысатын бюджет бағдарламасы аясында бірқатар аулалар бойынша іске асырылатын болады –мердігерлік ұйымды анықтау үшін конкурстық рәсімдер жүргізілуде.