Аудан бойынша жұмыс сапарларын жүргізу

Аудан бойынша жұмыс сапарларын жүргізу

Жүйелік негізде ағымдағы инфрақұрылымдық нысандарды аралап, процестерді талқылау үшін жергілікті жерлерде тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды.

Аудан әкімі Б.Ақжаров Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының өкілдерімен бірге Қайрат шағынауданына жұмыс сапарымен барды.

Шағынауданда бүгінде басқарма мердігері су бұру желілерін тазарту жұмыстарын жалғастыруда, тапсырыс берушінің айтуынша жұмыстарды бір ай ішінде аяқтау жоспарлануда.

Бұдан басқа, кепілдік міндеттемелер шеңберінде олқылықтарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.

Сондай-ақ жол инфрақұрылымына қатысты, тұрғындарға Рысқұлов даңғылынан Тараз көшесіне дейін мамыр айына жоспарланған Жаяу Мұса көшесіндегі жолдың орташа жөнделуі туралы хабарланды.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ желісі бойынша сапалы газбен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында газ құбырын қайта жаңарту басталды.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда аудан әкімі Нұршашқан шағын ауданына барып, тұрғындармен кездесті. Сондай-ақ Энергетика басқармасының мердігері кепілдік міндеттемелері шеңберінде инженерлік желілердегі ақауларды жою және олқылықтарды қалпына келтіру жұмыстарын атқаруда, электр желілерін жаңғырту жалғасуда.