Сейфуллин даңғылы бойынша жұмыс сапары өтті

Сейфуллин даңғылы бойынша жұмыс сапары өтті

Аудан әкімі Б. Ақжаров Сейфуллин даңғылын жалпы абаттандыру бойынша бірқатар шешімдерді бекіту үшін аралады. Атап айтқанда, көшені аралау барысында аттас алаңдағы орындықтар мен қоқыс жәшіктерін жөндеу, жарықтандыру тіректері мен газ желілерін сырлау, бірқатар аулалар бойынша шағын архитектуралық пішіндерді шағын мерзімді жөндеу, аумақтарда санитарлық тазалау жұмыстарын күшейту және басқа да анықталған мәселелер бойынша тапсырмалар берілді. Жұмыс сапары кезінде аула аумағын санитарлық тазарту бойынша қанағаттанарлықсыз жұмыс атқарғаны үшін екі мердігерге қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.

Сондай-ақ іс-шаралар жоспарына әртүрлі учаскелердегі жаяу жүргіншілер жолын қалпына келтіру және өзен арнасын тазарту жұмыстары енгізілді.

Жұмыс барысы бақылауға алынды.