Таза Қазақстан: Желтоксан саябағында өткен ауқымды сенбілікке шамамен 450 адам қатысты

Таза Қазақстан: Желтоксан саябағында өткен ауқымды сенбілікке шамамен 450 адам қатысты

Саябақ аумағында өткен экологиялық науқанға Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, Мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, коммуналдық қызмет өкілдері мен аудан әкімінің аппараты қатысты.

Сенбілік барысында саябақ аумағынан 50 текше метрден астам қоқыс жиналып, шығарылды.

Сонымен қатар қатысушылар ауданның жасыл желегін көбейтуге үлес қосып, бірлесіп 150-ден астам катальпа ағашының көшетін отырғызды.

Эко-науқанға өз үлесін қосқан әрбір азаматқа алғысымызды білдіреміз.