Сейфуллин атындағы саябақта өткен «Almaty Clean & Green» акциясына 400-ден астам адам қатысты

Сейфуллин атындағы саябақта өткен «Almaty Clean & Green» акциясына 400-ден астам адам қатысты

Қала бойынша «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» кампаниясы аясында кең көлемді «Almaty Clean & Green» экологиялық науқаны өтті.

С.Сейфуллин атындағы саябақта бұл шараға 400-ден астам адам атсалысты. Нәтижесінде 50 текше метрден астам қоқыс жиналып, шығарылды, шамамен 100 ағаш отырғызылды, сондай-ақ абаттандыру элементтері қалпына келтірілді.

Табиғатты қорғауға және жасыл аймақтарды көбейтуге өз үлесін қосқан әрбір азаматқа алғысымызды білдіреміз!