Алматы – біздің ортақ үйіміз: заңсыз БСН-ын бұзу жұмыстары

Алматы – біздің ортақ үйіміз: заңсыз БСН-ын бұзу жұмыстары

Ауданда заңсыз орнатылған бейстационарлық сауда нысандарын бұзу бойынша қалалық науқан жалғасуда.

Мұндай киоскілер қала стандарттарын бұзып қана қоймай, қоғамдық пайдалану орындарын заңсыз иемденіп, қаланың эстетикалық көрінісіне зиян келтіреді.

Сонымен қатар тиісті абаттандырудың, қалдықтарды сұрыптау және кәдеге жарату жағдайының болмауы, сондай-ақ қажетті рұқсаттардың жоқтығы заң талаптарын сақтайтын тұрғындар мен кәсіпкерлердің құқықтарын бұзады.

Жалпы, апта басынан бері 5 қоғамдық пайдалану аймағы босатылды, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.