Әлеуметтік орталықтағы кездесу

Әлеуметтік орталықтағы кездесу

“Отбасын қолдау орталығы” әлеуметтік орталығында ауданның көпбалалы, аз қамтылған және толық емес отбасыларымен кездесу өтті.

Іс-шараға көпбалалы отбасылардан 7 адам қатысып, 12 маңызды мәселе талқыланды. Біз олардың 8-і бойынша, соның ішінде тұрғын үйге кезекке қою рәсімі, балалар алаңын қайта жаңарту, ескі тұрғын үйлерді жөндеу, коммуналдық қызметтерді қайта есептеу және көшелерді жарықтандыру бойынша түсініктемелер бердік.

Жалпы ауданда 4387 көпбалалы отбасы тұрады, олардың 588-і “Алтын алқа” және “Күміс алқа”алқаларымен марапатталған.