Қайрат шағын ауданында 18- линия көшесі бойынша күрделі құрылысқа негіз дайындалуда.
Қайрат және Жас- Қанат шағынауданында коммуналдық тұрғын үй қорына арналған тұрғын үйлер салу шеңберінде Құрылыс басқармасы аула аумақтары мен аулааралық өткелдерді асфальттауды жүргізуде. Аяқталу мерзімі-ағымдағы жылдың тамыз айы.
Сонымен қатар, бұрын хабарлағанымыздай, ауданда жол шұңқырларын жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы ауданның 100-ден астам көшесін жөндеу жоспарланған.