Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау Басқармасының нысандарын аралау жұмыстарының қорытындысында Қайрат шағынауданына бардық.
Мұнда Басқарманың мердігерлік ұйымы жол төсемінің ақаулы тұстарын қалпына келтіруге кірісті.
Уәкілетті органның басшылығы қазан айының басында кәріз желілерінің іске қосылатындығы жөнінде хабарлады.
Сондай-ақ, Басқарманың желісі бойынша ықшамаудан тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген электр желілерін жаңғырту жұмыстарын желтоқсан айына дейін аяқтайды деп күтілуде.