Жас Қанат шағын ауданында жұмыс сапары өткізілді

Жас Қанат шағын ауданында жұмыс сапары өткізілді

Шағынауданда Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау Басқармасының тапсырысы бойынша инженерлік желілерді салу жұмыстары да жалғасуда.
Жұмыс сапары барысында басқарма басшылығы Хмельницкая көшесінен жоғары орналасқан көшелердегі жұмыстардың аяқталу мерзімін атап өтті - аптаның соңында абоненттік желілерді тарту жұмыстары аяқталады. Хмельницкий көшесінен төмен орналасқан көшелердегі үйлерге абоненттік желілер тарту жұмыстары қараша айының соңына дейін жалғасады.
Сонымен қатар Алматы қаласы қалалық мобилділік Басқармасының құзіреттілігімен Баймағамбетов көшесін қалпына келтіру жұмыстары басталды. Бұрын асфальтбетон жабыны болған көшелерде желілер құрылысы аяқталғаннан кейін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Басқарманың мәліметінше, қазу жұмыстары жүргізілген көшелер инертті материалдармен толтырылатын болады.