Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының жұмыстарына тапсырыс берушінің басшылығымен бірлесіп инженерлік желілерді салу мәселелері бойынша жұмыс сапары жүргізілді.
Бүгінгі таңда жобаны түзету жұмыстары жалғасуда, сумен жабдықтау желілерінің және кәріз жүйесінің құрылысы 80%- ға орындалды.
Жолдарды қалпына келтіру мәселесіне тоқталсақ - бүгінгі таңда асфальттың бірінші қабаты 9 көшеге төселді, аптаның соңына дейін 2 көше - Донская және Онежская көшелері бойынша аталған жұмыстар жүргізілетін болады. Тапсырыс берушінің ақпараты бойынша15 қазанға дейін Лермонтов, Хакасская, Печорская көшелерінде асфальттау жұмыстары басталады.