Спорт секцияларын ашуға қосымша өтінімдер қабылдау ашылады

Спорт секцияларын ашуға қосымша өтінімдер қабылдау ашылады

Алматы қаласының әкімі Е.А.Досаевтың 1/182 қаулысымен спорт пен шығармашылық тапсырыстарды жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасының функциясы аудан әкімдіктеріне берілді. Құрметті Түрксіб ауданының тұрғындары! 2023 жылғы 29 қыркүйекте сағат 18:00-де мемлекеттік спорт тапсырысын жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы бойынша спорт секцияларына қосымша өтінімдер қабылдау ашылады. Әлеуетті жеткізушілердің өтінімдері https://damubala.kz сайтында қабылданады. Қазіргі таңда Түрксіб ауданында 4100 баланы спортпен және шығармашылықпен айналысатын 37 жеткізуші жұмыс істейді.