Уәкілетті органдардың қатысуымен РВ 90 ауданында көшпелі жұмыс кездесуі өткізілді

Уәкілетті органдардың қатысуымен РВ 90 ауданында көшпелі жұмыс кездесуі өткізілді

Тұрғындардың өтініші бойынша Алматы қаласы цифрландыру басқармасы мен ҚАЖ департаментінің Интернет және ұялы байланыс сапасы жөніндегі өкілдерін шақырды.
Ұялы байланыс операторларының базалық станциялары қалалық аумақта орналасқандығына және олардың және Батыр бау-бақша қоғамының арасында тергеу изоляторы орналасқандығына байланысты, оның қызметкерлері заңнамаға сәйкес ұялы байланыс сигналын өшіреді, сол себептен учаске тұрғындарында байланыс сапасы мен мобильді интернетке қатысты проблемалар туындайды.
Цифрландыру басқармасы тарапынан алдағы техникалық аудит туралы тұрғындарға хабарланды, оның қорытындысы бойынша келесі аптада ұялы байланыс операторлары өкілдерінің қатысуымен облыс аумағында қосымша станциялар орнату мәселесі шешілетін болады.
Сондай-ақ, NLS компаниясымен РВ-90 (Түрксіб ауданы) учаскесі бойынша және «Батыр» (Іле ауданы) учаскесі бойынша талшықты-оптикалық желілерді төсеу мүмкіндігі туралы мәселе пысықталатын болады.