Алматы қаласы әкімі аппаратының тілдерді дамыту және ономастика бөлімі аудан тұрғындарына арналған тегін қазақ тілі курстарын бастағанын қуана хабарлаймыз.
Курстар Л. Толстой к-сі, 36 мекенжайындағы №1 балалар кітапханасында офлайн режимінде өткізіледі. Сабақтар теориялық сабақтармен қатар практикалық тапсырмаларды да қарастырады.
Тілек білдірушілерге арналған талаптар:
- Түрксіб ауданының тұрғыны болу;
- 18 жастан асқан болу.
Жазылу үшін телефон нөміріне қоңырау шалуыңызды сұраймыз +7 776 830 0367 - Гүлсезім Жайылханқызы.
Курстың басталуы туралы оқытушылар кейін хабарлайтын болады.
Алдын ала жазылу маңызды.