№ 59 мектеп-гимназия ғимаратын қайта жаңарту жұмыстары

№ 59 мектеп-гимназия ғимаратын қайта жаңарту жұмыстары

Қолданыстағы ғимаратты бұза отырып, қайта құру жобасы өткен жылдың желтоқсан айында басталды.
Естеріңізге сала кетейік, "ҚазҚСҒЗИ" АҚ қорытындысына сәйкес мектеп апатты жағдайда деп танылды.
Реконструкция жүргізілгеннен кейін заманауи жабдықтармен жабдықталған 16 қосымша оқу сыныптары мен спорт залын ашу жоспарлануда.
Сонымен қатар, жоба жобалық қуаттылықты 600-ден 900 оқушыға дейін арттыруды көздейді.
Сондай-ақ, үлкен мектеп асханасы ашылып, аумақты абаттандыру жүргізіледі. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде, 2024 жылдың І-тоқсанында аяқтау жоспарлануда.