Апаттық кәріз желісін ауыстыру жұмыстары жалғасуда

Апаттық кәріз желісін ауыстыру жұмыстары жалғасуда

Кіші Алматы өзенінің үстінен өтетін коллектор 60 жылдан астам жұмыс істеп келеді.
Табиғи жағдайлардың әсерінен желі коррозияға ұшыраған, осыған байланысты ағынды сулардың өзенге өтуі тіркелді.
Ауқымды экологиялық проблеманы болдырмау және Нұршашқан ықшамауданындағы 5 мыңнан астам абонентті және әуежай аймағындағы көпқабатты үйлерді сапалы сумен қамтамасыз ету мақсатында жаңа коллектор салуға бастамашылық еттік.
Тұрғындарға қолайсыздық тудыртпау үшін коллекторды ауыстыру кезінде, абоненттерді желілерден ажырату қарастырылмаған, жұмыстарды толық аяқтау ағымдағы жылдың мамыр айына жоспарланған.