Аудан әкімінің Жас Қанат шағын ауданына жұмыс сапары

Аудан әкімінің Жас Қанат шағын ауданына жұмыс сапары

Шағын ауданда Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мердігерлері магистральдық су желілерін тарту жұмыстарын бастады. Бұл бағыттағы жұмыстар, шамамен, сәуір айының соңында аяқталады, содан кейін абоненттерді қосу жұмыстары жүргізіледі.
Кәріз желілерінің жұмыс істеуі үшін кәріздік сорғы станциясының құрылысына дайындық жұмыстары жүргізілуде, барлық қажетті материалдар мен жабдықтар сатып алынды. Сонымен қатар, кәріз желілеріне абоненттік бұру жұмыстары жалғасуда, аталған жұмыстар кестеге сәйкес маусым айында аяқталады.