Аудан әкімінің нысандар бойынша жұмыс сапары

Аудан әкімінің нысандар бойынша жұмыс сапары

Аудан әкімі Б.Ақжаров Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының жұмыс нысандарына  жұмыс сапарын өткізді.

Аудан әкімі Басқарма басшысы Санжар Алинмен бірге учаскелерде тұрғындармен кездесіп, жұмыс барысын тексерді.
Нижняя пятилетка шағын ауданында инженерлік желілерді тарту жұмыстары жалғасуда.
Сәуір айында жаңа желілердің қысымын сынау және желілік құрылыс жұмыстары аяқталған көшелерді асфальттау жұмыстары басталады. Ең алдымен, қоғамдық көліктер жүретін жолдар - Бартольд, Зенкович, Бейсебаев көшелері асфальтталады, содан кейін қалған көшелерге де асфальт төселеді.
Тұрғындарға кәріз желісіне абоненттік бұруды мүмкіндігінше тезірек жүргізу қажет екенін ескертеміз, өйткені жол жұмыстарының басталуы осыған байланысты.