Нұршашқан шағын ауданының тұрғындарымен кездесу өтті

Нұршашқан шағын ауданының тұрғындарымен кездесу өтті

Аудан әкімі Б. Ақжаров Нұршашқан шағын ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Тұрғындардың негізгі мәселелері:
Электрмен қамту
Қазіргі таңда электр қуатын тұрақтандыру мақсатында «Тұздыбастау» қосалқы стансасының құрылысы жүргізілуде.
Сонымен қатар, электр желілерін қайта жаңғырту, 465 жаңа тірек, 8 трансформаторлық және 1 таратушы қосалқы станцияларды орнату жұмыстары жүргізілуде, бүгінгі таңда жобаға сәйкес жалпы жұмыстың 10 пайызы орындалды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жылыту маусымына байланысты тоқтатылды.
Аталған жобаны жүзеге асыру шағын ауданды электрмен қамту сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылы электрмен жабдықтау жобалары бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарлануда.
Жарықтандыру
Қазіргі таңда шағын аудан 97 пайызға жарықтандырылған. Қалған үш көшені жарықтандыру жұмыстары сәуір айының соңына дейін аяқталады.
Орталық коммуникациялар.
Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мердігерлік ұйымы «Нұрай строй» су желілерінде анықталған апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
Төтенше жағдай аясында, Тбилисская көшесіндегі кәріз коллекторын қалпына келтіру жұмыстары басталды, аяқталу мерзімі 2023 жылдың мамыр айы. Аталған жұмыс Нұршашқан шағын ауданын сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Инженерлік желілерді тарту жобасында 13 абонент (Мейірім көшесі) қамтылмаған.
Энергетика және сумен жабдықтау басқармасына қамтылмай қалған аумақтарды жобалауға өтінім бердік.
Жол құрылысы
Бердіқожа көшесінде жол құрылысын жүргізу үшін Жер қатынастары басқармасына жерді сатып алу бойынша сұраныс жібердік.
Әлеуметтік инфрақұрылым
Өткен жылдың желтоқсан айында «SHEBERBUILD» ЖШС ауысымы 100 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория құрылысын бастады, жұмыстың аяқталуы – 2023 жылдың маусым айы.
Қоғамдық көлік
Шағын ауданда N41 бағытындағы 1 автобус қызмет көрсетеді.
Қаңтар айында тұрғындардың өтініші бойынша бағыттың жылжымалы құрамы ұлғайтылды.
Демалыс
Шағын ауданда Жақұт көшесі бойында саябақ пен балалар алаңын абаттандыру мәселесі қарастырылуда. Жобаны іске асыру үшін Бюджетка қатысу бағдарламасы аясында Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасына жер телімдерін сатып алуға сұраныс жіберілді.