Қайрат шағынауданын газбен жабдықтау мәселесі бойынша аудан әкімінің кеңесі

Қайрат шағынауданын газбен жабдықтау мәселесі бойынша аудан әкімінің кеңесі

Қайрат шағын ауданындағы қысымның төмендігі мен газ берудегі үзілістер бірқатар факторларға байланысты.
Бүгінгі күні Жаңа Қайрат шағын ауданындағы құбырлардың диаметрін ұлғайту арқылы магистральдық желілерді ауыстыру және газ қысымын арттыратын 7-ші линиядағы газ шкафын ауыстыру жұмыстары аяқталды, үш жердегі бітеу жойылды.
Бұл ретте жекеменшік газ желілерін Қайрат шағын ауданына«ҚАЗТРАНСГАЗ» АҚ теңгеріміне көшіру мәселесін пысықтап жатырмыз, бұл газбен жабдықтаудағы үзілістерді және төтенше жағдайларды тез арада жоюға мүмкіндік береді.
Желілерді беру мерзімі көп жағдайда тұрғындарға байланысты болады – жақын арада желілерді бағалау жүргізіледі және жүргізілетін процедураны келісу үшін тұрғындардың жалпы жиналысы жарияланады.
Сондай-ақ, келесі жылы ұзындығы 36 шақырым төмен және орташа қысымды газбен жабдықтау желілерін қайта құру жоспарланып отырғанын айта кеткен жөн.