Аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі

Аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі

Сейфуллин даңғылы -Жұмабаев-Жансүгіров, Шолохов-Ержанов көшелері алаңының тұрғындарымен кездесу өтті.
Абаттандыру, коммуналдық инфрақұрылым және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша көптеген мәселелер келіп түсті.
Кездесудің негізгі сәттерімен бөлісейік:
- Кассин көшесінің тұрғындарын ескі тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы және қоныстандыру мәселесі бойынша қолда бар мәселелерді реттеу үшін Казахстрой компаниясының бірлескен кездесуі ұйымдастырылады.
- Урицкий көшесі бойынша жаяу жүргіншілер өткелін ұйымдастыру мәселесі Алматы қаласы қалалық мобилдік басқармасымен бірлесіп қаралатын болады.
- жыл соңына дейін Поддубный көшесі бойынша көше жарығы жабдықталады.
- ағаштарға санитарлық кесуді жүргізу бойынша мекенжайлар тіркелді.
- полиция тарапынан рейдтік іс-шаралар жүргізуді талап ететін мекенжайлар тіркелді.
Сондай-ақ, ПИК қызметі, ескі тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы аясында үйлерді бұзу мерзімдері және басқа да көптеген мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.
Сонымен қатар, кездесуге Жас-Қанат және Нижняя Пятилетка шағын аудандарының тұрғындары да келді.
- Жас-Қанат шағын ауданында сумен жабдықтаудың магистральдық желілерін салу аяқталды, қазір үйлерге желілерді жеткізу жүргізілуде, оларды ағымдағы жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланған. Кәріз желісін іске қосу көктемгі кезеңге жоспарланған.
Қоғамдық көлік бағыты өтетін Баймағамбетов көшесіндегі жол төсемі қалпына келтірілуде. Қазылған жерлерге себу жұмыстары жүргізілуде.
- Нижняя Пятилетка шағын ауданында инженерлік желілердің құрылысы жүргізілуде. Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының өкілдері мердігерге қазылған жерлерге себуді жалғастыруды тапсырды.