"Адал көмек" жобасы аясында азаматтарды қабылдау өтеді

"Адал көмек" жобасы аясында азаматтарды қабылдау өтеді

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары!

29 қараша күні сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін "Адал көмек" жобасы аясында жер қатынастар саласы бойынша азаматтарды қабылдау өтеді.

Жобаның мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Заң консультациясын Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының басшысы Самамбетов Ардақ Мәуленұлы көрсетеді.

Өтетін орны: Медеу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында (Алматы қ., Марков көшесі, 44 үй)

Анықтама және онлайн тіркелу үшін байланыс телефондары: WhatsApp +7(775) 628 62 87