Аудан әкімі Б. Ақжаров бірлескен жұмыс сапарын өткізді

Аудан әкімі Б. Ақжаров бірлескен жұмыс сапарын өткізді

Аудан әкімі Б.Ақжаров Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының өкілдерімен басқармаға қарасты нысандар бойынша бірлескен жұмыс сапарын өткізді.
– Қайрат ықшам ауданында әлеуметтік және тұрғын үй инфрақұрылымының ауқымды құрылысына байланысты кәріз желілерінің жобасына түзетулер енгізілгеннен кейін, желінің іске қосылуы кешіктірілуде. Қазіргі уақытта қосуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар, шамамен қараша айының соңына дейін аяқталып, одан кейін кәріз желілерін іске қосу жоспарлануда.
- Шуақты ықшам ауданында су құбыры желілерін салу, іске қосу жыл соңына дейін жүзеге асырылады. Кәріз желілерін тарту жұмыстары жалғасуда. Қазір коммуникациялар тартылған көшелерде асфальттың бірінші қабаты төселуде, екінші қабаты келесі жылы төселмек.
- Айтықов көшесінде екі кәріздік сорғы стансасының құрылысы аяқталды, тұрғындарды орталық кәрізбен қамтамасыз ету үшін тағы біреуін ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Стансалардың құрылысы аяқталғаннан кейін Алматы су МКК кәріз желісін тартуға кіріседі. Жоба келесі жылдың мамыр айына дейін Баймағамбетов көшесінің тұрғындарын орталық кәрізбен қамтамасыз етеді.
- Жас-Қанат шағын ауданында желілерді тарту жұмыстары аяқталды, оларды іске қосу ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған.
Сонымен қатар, жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады. Ең алдымен, қоғамдық көліктер жүретін жолдар қалпына келтірілуде. Негізгі автобус бағыттары өз рейстерін қалпына келтірді, барлық бағыттың маршруттары келесі аптада қайта жанданады.
– Нижняя пятилетка шағын ауданында да инженерлік желілерді салынуда. Мердігерге қазылған жерлерді толтыру бойвнша жұмыстарды жалғастыру тапсырылды.
- Нұршашқан шағын ауданында жыл соңына дейін кәріз желісін іске қосу жоспарланса, бүгінде кепілдік міндеттемелер аясында құбырлар мен құдықтар тазартылуда.
- Закарпатская көшесінде желілердің құрылысы кестеден кешіктіріліп жатыр, осыған байланысты жұмыстың тапсырыс берушісі мердігерге шара қолданатын болады.