Сейфуллин даңғылының бойындағы серуендеу алаңын абаттандыру жұмыстары аяқталды

Сейфуллин даңғылының бойындағы серуендеу алаңын абаттандыру жұмыстары аяқталды

Бұрын Сейфуллин даңғылы мен Рысқұлов даңғылының қиылысы бос алаң болатын.
«Бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында абаттандыру жобасы тұрғындардың қолдауына ие болып, толығымен жүзеге асырылды.
Жоба аясында орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылып, кеспе тастар төселді, көшелерді жарықтандыру желілері тартылды, сонымен қатар онда жас ағаштар отырғызу жоспарлануда.