Желтоқсан саябағында мерекелік іс шаралар ұйымдастырылды

Желтоқсан саябағында мерекелік іс шаралар ұйымдастырылды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бүгін Желтоқсан саябағында мерекелік іс шаралар ұйымдастырылды.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушылармен бірге саябаққа бір күн ішінде 200 жас ағаш отырғызылды.
Ескеретін жайт, жылдың соңына дейін ауданымыздың әр бөлігінде тағы 500 ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз.Бұдан кейін 5 ұлттық спорт түрінен спартакиада өткізілді: тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту, қол күресі, көңілді эстафета. Спартакиадаға 200-ден астам адам қатысты, жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталды.
Жалпы іс-шаралар жылы атмосферада өтті, қатысушыларға палау мен ыстық шай ұсынылды.
Қатысқаны үшін барлығына алғыс білдіреміз және Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына сөзсіз үлес қосқан адамдарға тағы да ізгі құрмет пен асқан ризашылығымызды білдіреміз.