Түрксіб ауданы әкімінің аппараты баршаңызды мерекемен шын жүректен құттықтайды және сіздерге мықты денсаулық, жан тыныштығы мен жылулығын тілейді!
Бұл ізгі мереке - аға ұрпаққа деген сүйіспеншілігіңізді, қамқорлық пен қолдауыңызды, құрметіңізді білдіруге арналған тағы бір мүмкіндік.
Түрксіб ауданында 29 500-ден астам зейнеткер тұрады, оның ішінде Ұлы Отан соғысының 8 ардагері, қоршауда қалған Ленинградтың 5 бұрынғы тұрғыны, фашистік концлагерьлердің бұрынғы 2 тұтқыны және еңбек майданының 1332 қатысушысы бар.
Бір ай бойы ауданда мерекелік шаралар, қайырымдылық концерттер, шығармашылық байқаулар мен спорттық -сауықтыру іс-шаралары өтеді. Анықтама телефондары: 223-68-10, 87755909673 Ардагерлер кеңесінің төрағасы Байғутдинова Ғалия Асқарқызы.