Аула аумағын абаттандыру жұмыстары басталды

Аула аумағын абаттандыру жұмыстары басталды

Жас Қанат тұрғындарының сұранысы бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында аула аумағын абаттандыру жұмыстары басталды.
Жобада заманауи балалар ойын жабдықтарын орнату, балалар мен спорт алаңдарына резеңке жабын төсеу, 4 спорт алаңын (3 футбол, 1 баскетбол) ұйымдастыру, жаттығу алаңдарын салу, ашық жаттығуларға арналған қондырғыларды орнату, ескі жиектерді ауыстыру, асфальт шұңқырларын жамау, жарықтандыруды жаңарту - ескі шамдарды жарықдиодты көше шамдарына ауыстыру қарастырылған.
Сондай-ақ, ойын алаңдарының айналасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында суару арықтарының торабына тексеру ұңғымаларын орнатыла отырып, тұрақты плиталармен жабылады. Барлығы 30-ға жуық балалар ойын алаңдары жабдықталады.
Жобаның орындалуы осы жылдың соңына дейін есептелген, жұмыстар бақылауда болады.