Ауданымыздың тұрғындарын Білім күнімен құттықтаймыз!

Ауданымыздың тұрғындарын Білім күнімен құттықтаймыз!

Бүгін аудандағы жүздеген балақай бірінші сыныпқа барады, бұл - олар үшін өмірдегі ең басты оқиғалардың бірі.
Биыл біздің ауданда жаңа оқу орындары салынды, сондай-ақ ескілері жаңартылды.
Бұрын айтқанымыздай, 170-ші орта мектепке 280 оқушыға арналған қосымша құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жаңа ғимарат айдың ортасына дейін пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, «Jos» жекеменшік лицейі оқушыларға есігін айқара ашты.
Айта кету керек, лицей 9-10 сыныптарда білім алуға 22 грант бөлді. Ағымдағы жылы оқу үздігі грантын алған 22 оқушы «Jos» қаржы лицейінде оқиды.
Сондай -ақ, Қайрат ықшам ауданында 1500 оқушыға арналған орта мектеп құрылысының жалғасып жатқандығын және Әлмерек ықшам ауданындағы мектепке қосалқы құрылыстың жобалық -сметалық құжаттарын әзірлеу бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатқанын еске саламыз.
Ал біз оқушыларымызға білімнің қиын жолында тек ақ жол тілейміз.