78 топырақты көшені асфальттау жұмыстары жүргізілуде

78 топырақты көшені асфальттау жұмыстары жүргізілуде

Аудан әкімі  жұмыс тобымен бірге Қайрат шағын ауданындағы жол жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарға  барып қайтты.
Қалалық мобильділік басқармасы бағыты бойынша жобада жаяу жүргіншілер жолын орналастыра отырып 78 топырақты көшені асфальттау, сондай-ақ жартылай жарықтандырылмай қалған көшелерді жарықтандыру қарастырылған. Жұмыстар ағымдағы жылдың аяғына дейін жүргізіледі.
Шағын ауданның қазылған көшелеріндегі жол төсенішін қалпына келтіру жұмыстарын Алматы қаласының Энергиятиімділік және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мердігері жүзеге асырады.
Дәл қазір осындай жұмыстар Әлмерек және Нұршашқан шағын аудандарында да жүргізіліп жатыр.