Ауданда Жарбұлақ саябағының құрылысы жүріп жатыр

Ауданда Жарбұлақ саябағының құрылысы жүріп жатыр

Жаңа саябақ Майлин көшесі мен Бұқтырма көшелерінің қиылысындағы өзен арнасының бойына орналасады.
Болашақ саябақтың көп бөлігі бос жатқан су қорғау жолағында орналасқан. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары сол алаңда үй-күйі жоқ адамдардың жиналатынына және пайда болған жергілікті қоқыс үйінділеріне бірнеше рет шағым түсірген болатын.
Жоба бойынша балалар мен спорт алаңдарын жайластыру, сыртқы жарықтандыру желілерін жүргізу, жиектастастардан құралған серуендеу аймағы мен автотұрақ салу, жалпы тұрғындардың бос уақытын толыққанды жақсы өткізу үшін көптеген басқа да элементтер салу  қарастырылған. Сонымен бірге жоба аумақтың жасыл қорын сақтау мен көбейтуді қарастыра отырып, жасалынды. Мұнда қосымша қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар отырғызылатын болады.
Жоба осы жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.