Бұған дейін тұрғындар бірнеше рет орман белдеуінің бос жатқан жерлері туралы сұрақ көтерген болатын, онда демалушылар арттарынан қоқыс үйінділерін қалдырып кететін жабайы пикник ұйымдастырылатын еді.
Тұрғындар пікірін ескере отырып, пирстегі жұмыстар аяқтала салысымен, ондағы саябақты абаттандыру жұмыстары басталды. Жоба бойынша жасыл қорды сақтау мен көбейтуге, микрофлораға жанашырлық танытуға ерекше көңіл бөлінді.
Жобада кіші сәулеттік формаларды, ойын алаңдары мен спорт алаңдарын, сыртқы жарықтандыру желілерін, жиектас, велосипед жолын, жаяу жүргіншілер жүретін аймақ пен аумақты көгалдандыру қарастырылған. Сонымен қатар, автокөліктерге арналған тұрақ та салынаты болады.
Сонымен қатар, Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы уәкілетті органы мердігерінің жұмысына қатысты бірқатар ескертулер бар. Жобаның бірінші кезеңі бойынша барлық кемшіліктер белгіленіп, кепілдік шеңберінде жойылуда.