Алтай ықшам ауданында жуырда ауқымды жоба - жаяу жүргіншілерге арналған аймақтың құрылыс жұмыстары басталады.
Ықшам аудан тұрғындары аудан әкімдігіне иесіз қалған ауқымды жер учаскесі мәселесімен жиі хабарласатын. Мұнда өздігінен пайда болатын қоқыс үйінділерін жиі кездестіруге болатын, сонымен қатар, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар бұл жерді алкоголь ішімдіктерін ішу үшін жиналатын орынға айналдырып алған.
Аталған мәселені шешу мақсатында, сондай-ақ Алтай ықшам ауданының тұрғындары үшін жаңа демалыс орнын құру үшін осы учаскеде жаяу жүргіншілер аймағын салу туралы шешім қабылданды. Жоба бойынша бұл жерге асфальт төселіп, жаяу жүргіншілерге арналған жолды көріктендіру, көше жарығы мен шағын сәулет нысандарын орнату қарастырылған.
- Шағын аудан тұрғындарын толғандырған тағы бір мәселе - Намаганская көшесінің бойында жаяу жүргіншілерге арналған жол салу. Бүгінгі күні Намаганская көшесінің бойымен Лавренев көшесінен Захаров көшесіне дейін, 78-ші орта мектебіне кіреберіс жолы қоса алынып, жаяу жүргіншілер жолы жабдықталды.