Жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды салу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде

Жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды салу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде

Ауданда жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды салу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.
Сонымен, бүгінде Магнитный, Жаһангер, Айша Бибі ықшам ауданы (Береке көш.) көшелерінің бойындағы жұмыстар аяқталып, Гете көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолы жөнделді.
Спасская мен Намаганская көшелерінің бойында жаяу жүргіншілер жолы салынуда.
Сонымен қатар, Рысқұлов даңғылы бойымен Құлжа тас жолы Шемякин көшесіне дейін күрделі асфальттау және жаяу жүргіншілерге арналған жол салу, жиектастарды ауыстыру жұмыстары да жалғасуда.
Естеріңізге сала кетейік, аталған учаскедегі бұл шаралар заңсыз жасалған автотұрақтарды жою үшін қарастырылды.