Алматы қаласында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу бойынша хабарландыру

Алматы қаласында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу бойынша хабарландыру

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» өкімін орындау үшін Алматы қаласының аудандарында  «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурстың 1кезеңі өткізілуде.

Байқаудың мақсаты – өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға, ерлі-зайыптылық жауапкершілігінің маңыздылығын мойындау, балаларды тәрбиелеуде ата – ананың жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ,  Қазақстандық отбасының жағымды имиджін үгіттеу болып табылады.

Конкурсқа қатысуға мүшелері еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік салада, ғылымда жоғары жетістіктерге жеткен отбасылар жіберіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінем аудандық (қалалық) комиссияға мынадай құжаттармен бірге беріледі:

  1. Ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
  2. Асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
  3. Неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
  4. Ата-аналарының біреугі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
  5. Балаларды тәрбилегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
  6. Балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;
  7. Ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);
  8. Отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік саладағы, ғылымдағы жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

Ұлттық конкурсқа қатысу үшін құжаттарды 2021 жылдың             17 мамырдан 17 маусымға дейін Алматы қаласы, Түрксіб ауданы әкімінің аппаратына ұсыну қажет, мекен-жайы: Шолохов көшесі, 9; №202 бөлме. Байланыс телефоны: 223-11-15, 8 702 290 60 01.