Тұздыбастау қосалқы станциясы құрылысының жобалық-сметалық құжаттары әзірленді

Тұздыбастау қосалқы станциясы құрылысының жобалық-сметалық құжаттары әзірленді

Қалаға қосылған ықшам аудандарын жоғары сапалы электрмен жабдықтау бүгінгі күннің маңызды міндеті болып табылады.
Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы Қайрат және Нұршашқан шағын аудандарында электрмен жабдықтауды тұрақтандыруға арналған Тұздыбастау қосалқы станциясы құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірледі.
«EC ENERGY QAZAQSTAN» ЖШС мердігер ұйымы ағымдағы жылдың сәуір айында жұмысқа кірісті.
Сонымен бірге, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу тамыз айына дейін жасалып, қаражат бөлінуіне қарай ішкі желілерді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады.
Айта кету керек, бұған дейін желілердің жүктемесін теңгерімдеу үшін Қайрат, Нұршашқан және Әлмерек шағын аудандарында трансформаторлық қосымша қосалқы станциялар  орнатылған болатын.
—————————