Аудан әкімі жолдардың құрылыс барысын тексерді

Аудан әкімі жолдардың құрылыс барысын тексерді

Аудан әкімі қалаға қосылған ықшам аудандардағы жолдардың құрылыс барысын тексерді.
Мәселен, Нұршашқан шағын ауданындағы  жөнделмеген 10 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, одан басқа  15 көшені күрделі жөндеуден өткізуге дайындап жатыр.
Қайрат шағын ауданында қазіргі уақытта асфальт төсеу үшін 7 көшені дайындауда.
Сондай-ақ Әлмерек шағын ауданындағы  10 көшеге асфальт төсеу үшін дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік ағымдағы жылы инженерлік желілердің құрылысы аяқталған қалаға қосылған барлық шағын аудандар бойынша жол құрылысы жүргізілетін болады.