Эстетикалық қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Эстетикалық қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Эстетикалық қалыпты келтіру үшін Түрксіб ауданында аялдама кешендерін, қоқыс жәшіктерін, орындықтар мен қоршауларды бояу жұмыстары басталды.
Аталған жұмыстар алдымен басты көшелер бойынша жүргізілуде.
Жұмысты үш мердігер бір уақытта жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта Рысқұлов, Сейфуллин даңғылдары және Шемякин көшесі бойынша қоршауларды бояу жұмыстары жүргізіліп жатыр.