Тастанды қоқыстарды жою жұмыстары Остроумов және Хмельницкий көшелерінде, өзен арналары бойында және Тренев көшесінің бойындағы сайлы аумақта жүргізілді. Коммуналдық қызметтің 50-ден астам қызметкері күшімен шамамен 40 текше метр қоқыс шығарылды. Мұндай іс-шаралар ауданда жүйелі түрде жүргізіледі, себебі кейбір жерлерде осындай жергілікті тастанды қоқыстар пайда болып тұрады. Тастанды қоқыстар ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын еске сала кеткен жөн. Осындай құқық бұзушылықтарға куә болған тұрғындарды аудан әкімі аппаратының абаттандыру бөліміне 235-26-92 телефоны арқылы хабарлап айтуын сұраймыз.