Қала бойынша жаппай вакцинациялау жүргізілуде

Қала бойынша жаппай вакцинациялау жүргізілуде

Қазір бүкіл қала бойынша жаппай вакцинациялау жүргізілуде, біздің аудан да бұл жағдайдан тыс қалмады. Бүгінгі күні аудан бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаны 9000-нан астам адам алды. Аудан аумағында вакцинация қалалық 7 емхана базасындағы - 14 пункт бойынша, сонымен қатар қосымша келесі пункттер бойынша жүргізілуде: - 2 ірі сауда орнында: “Жетісу-Семиречье” (Қайрат ы/а, 181-182, 2-қабат, 4-6 бутиктері) және “Түрксіб” жәрмеңкесі (Сүйінбай д.,261, гүл сататын қатар, 3-орын) - №6 Оқушылар үйі (Сейфуллин даңғылы, 13) - №7 Оқушылар үйі (Нұрсая көшесі, 4 «А») - «MART» ОСО - 2 пункт (Зорге көшесі, 18/4, 3 және 4 қабаттар) – Теміржол ауруханасы - (Ақан Сері, 36) - «МАРТ вилладж» СФО- 2 пункт (Зорге к., 18). - 13 ӘҚ, 54 “Б” Дәрігерлік амбулаториясы. 15 локациядағы 24 пунктке құрамында 198 медицина қызметкері бар 46 бригада жұмылдырылған. Барлық егу пункттерінің жұмыс уақыты: - емханаларда күн сайын 8:00-ден 20:00-ге дейін, - Оқушылар үйінде күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, - базарларда сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін (жексенбіден басқа), - сауда орталықтарында сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін (сенбі, жексенбіден басқа). Бір егу пунктінің өткізу қабілеті - тәулігіне 100 адамға дейін, ал 24 пунктте - бір күнде 2400 адамға дейін жетеді. Вакцина алатындар саны артып жатса, қосымша пункттер ашылатын болады.