Нұршашқан шағын ауданында жол құрылыс жұмыстары

Нұршашқан шағын ауданында жол құрылыс жұмыстары

Нұршашқан шағын ауданында жол құрылыс жұмыстары басталды. Жол құрылыс жұмыстары жалпы ұзындығы 5,1 км құрайтын 25 грунтты жол бойынша жүргізіледі. Жұмысты маусым айының соңында аяқтау жоспарлануда.
Сонымен қатар, қалған көшелер бойынша, Алматы қаласы Энергия тиімділік және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мердігер ұйымы инженерлік желілерді салғаннан кейінгі жолды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Ағымдағы жылы күрделі жол құрылысы жұмыстары Қайрат және Әлмерек шағынаудандарындағы орталық коммуникациялар құрылысы аяқталған көшелер бойынша жүргізілетіндігін де айта кеткен жөн.