Қазақстан патриотизм мен азаматтықты жетілдіру, ҚР Конституциясы, заңдары мен мемлекеттік символдарына құрметті қалыптастыру

Қазақстан патриотизм мен азаматтықты жетілдіру, ҚР Конституциясы, заңдары мен мемлекеттік символдарына құрметті қалыптастыру

Қазақ тағылымының ұстанған негізгі бағыты- ата-бабалардың үлгі-өнегесі, дүниеге шынайы көзқарасы, бостандыққа, еркіндікке, тәуелсіздікке дербестікке ұмтылысы болып табылады.

Бұл көптен күткен арманы, ойға алған негізгі мақсаты. Тәрбие-ұрпақ үшін күрес құралы.

Патриоттық тәрбие тұлға қалыптастырушының құрамдас бөлігі болып табылады, ол жастардың алған білімдері азаматтық борыш ұстанымымен, жеке бастық мүдделері қоқамдық ұстанымдарымен астасып жататын тіршілік әрекеті үлгісіне даярлығын қамтамасыз етуі тиіс.

Патриоттық тәрбиеде тұлға үшін барынша жақын әрі мейлінше маңызды қоршаған әлем ретіндегі Отанның, Атамекеннің, мемлекеттіліктің мәңгілігі көрінетін түрлі нысандар, қатынастар, символдар мен нормалар шоғырланады. Осы себепті , күрделі рухани және саяси-әлеуметтік құбылыс ретіндегі қазақстандық патриотизм Отанды қорғау, нығайту және гүлдендіру жолында онымен ажырамас тұтастығын сапалы түрде ұғынатын тұлғаның руханилығы, азаматтығы және саяси-әлеуметтік белсенділігінің бірлігі болып табылады. Ал бұл кез келген мемлекеттің түбірлі саяси міндеті екендігі баршаға мәлім.

Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады.

Конституцияның ең жоғарғы заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады.ҚР мемлекеттік рәміздері-Туы, Елтаңбасы,Әнұранының сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен бекітілген. 34-бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады. Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айырықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді.

 

 

 

Алматы қаласы Түрксіб ауданы

АХАТ бөлімінің басшысы

Дюсембаева Ж.