Мердігер ұйымдарымен бірге барлық жөнделген аулаларды тексеру

Мердігер ұйымдарымен бірге барлық жөнделген аулаларды тексеру

Өткен жылы ауданның 96 аула аумағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді сондай-ақ, ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында тағы 115 аула жөнделді.
Жоба бойынша балалар және спорт, гимнастика алаңдары жабдықталды, аула аумақтарына асфальт төсеу күрделі жұмыстары жүргізіліп, көшелер жарықтандырылды.
Жақында мердігер ұйымдары басшыларымен бірге барлық жөнделген аулаларды аралап, көптеген ақаулықтарды анықтадық. Бүгінгі күні анықталған кемшіліктер бойынша ақаулық актісі жасалды және мердігерлерге кепілдік міндеттемелеріне сәйкес қалпына келтіру жұмыстарын сәуір айының соңына дейін жүргізу тапсырылды. Аталған мәселе үнемі бақылауда.