Рысқұлов даңғылындағы жұмыс сапары

Рысқұлов даңғылындағы жұмыс сапары

Аудан әкімі қалалық мобильділік басқармасы және мердігер ұйым өкілдерімен бірге жұмыс сапарымен Рысқұлов даңғылына барды. Өздеріңіз білетіндей, бұл даңғыл - қаланың негізгі көлік артерияларының бірі, мұндағы көлік трафигының жоғары болуының бірден-бір себебі осы. Осыдан туындайтын тағы бір мәселе - жолдың жиегіне, оның ішінде жасыл желектерге жүк көліктері мен жеңіл машиналарды ретсіз қойып кету, өз кезегінде, жолда антисанитарлық жағдайдың орнауына алып келеді. Сонымен қатар, даңғылдың жоғары өткізу қабілеті және онда тротуардың болмауы жаяу жүргіншілердің қауіпсіз жүріп-өтуін қамтамасыз ете алмайды.
Осы мәселелерді шешу үшін Рысқұлов даңғылы бойымен Жангелдин көшесінен Папанин көшесіне дейінгі ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Жоба жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салып, бордюрлар орнату арқылы стихиялық автотұрақтарды жоюды қарастырады. Аталған жұмысты шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарланған, жұмыс барысы бақылауда.