Сіздердің көптеген өтініштеріңіз бойынша Әлмерек ықшам ауданынан Саялы ы/а дейін Алматы-1 темір жолы арқылы өтетін, жүру жиілігі 8 минутты құрайтын, жылжымалы құрамы 18 автобустан тұратын жаңа N33 маршрутты шығару мәселесі пысықталды. Аталған маршрут 1 сәуірден бастап іске қосылады.