Қайрат шағын ауданында көше жарықтандыру желілерінің құрылысы аяқталуға жақын. Ұзындығы 35,5 км 49 көше толығымен жарықтандырылды, 12-сі ауа-райының қолайлы кезінде 15 ақпанға дейін аяқталады. Ауданда көше жарығын абаттандыру бойынша үлкен жұмыс атқарылды: бұрын жарықтандырылмаған 614 учаскеде 8463 кронштейн мен шам орнатылып, 338 км.кабель төселді, осы бағыттағы жұмыстар жалғастырылуда.