Тағы 2 кітапхана кешенді жаңғыртудан өтті

Тағы 2 кітапхана кешенді жаңғыртудан өтті

Ауданның тағы 2 кітапханасы кешенді жаңғыртудан өтті. Оның бірі - Толстой көшесі, 36 мекен-жайы бойынша орналасқан № 1 балалар кітапханасы. Кітапхана 1938 жылы құрылған және жыл сайын 28000 оқырманға қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, кітапхана №№59,83,61,76 мектептермен белсенді жұмыс істейді және 50-ден астам түрлі іс-шаралар өткізеді. Мұнда қызығушылық үйірмелері жұмыс істейді және әдеби кездесулер өтеді. Қазір кітапхана кеңістігі жаңа жиһазбен жабдықталған, кітап қоры ұлғайтылған, интернетке шығу мүмкіндігі бар, бейнебақылау орнатылған.